Бортында Мексика Ішкі істер министрі бар тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада тікұшақ құлап, салдарынан екі адам қаза тапты. Борттағы жоғары лауазымды тұлғалар тірі қалды. Бұл туралы Синьхуа хабарлайды.

Ұшақта Мексиканың ішкі істер министрі мен Оахака штатының губернаторы болған. Тікұшақ жұма күні апатқа ұшырады.

Апат барысында жерде жүрген екі адам қаза тапқан. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары тірі қалған министрдің айтқан деректеріне сүйеніп жазды.

Соңғы жаңалықтар