Боранда жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жасы жиырмаға енді толған жігітті полиция мен төтенше жағдай, әкімдік қызметкерлері бір тәулік бойы іздеген. Аудандық ІІБ бастығы Марат Әлжановтың айтуына қарағанда, құрамына еріктілер қосылған іздеу тобы жақын маңдағы ауылдардың барлығын тексерген. Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне хабар берілген.

«Жоғалып кеткен Береке ауылының 20 жастағы тұрғыны өз ауылынан 10 шақырым жерден табылды. Мәйітте дене жарақаты жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Береке ауылында тұратын мұғалім күндіз үйінен мектепке шығып, із-түзсіз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бейсенбі күні аталған ауданда қатты жел тұрып, боран соққан еді.

Соңғы жаңалықтар