Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның саяхат және туризм тақырыптарына арналған онлайн Travel HD арнасы Қазақстан жайлы деректі фильмдер көрсетпек. Олардың арасында ҚР Президентінің Телерадиокешені түсірген фильмдер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Телеарнаның сайтында хабарланғандай, «Қазақстанға қош келдіңіз» атты фильм 17 ақпан күні Болгария уақытымен сағат 20.30-да, біздің уақытпен 17.30-да көрсетіледі. «Дәуір қалаулысы» атты тағы бір фильм таяу уақытта көрсетілмек. Бұл туралы тағы жазатын боламыз. Біздің фильмдерді болгар тіліне аударғаны үшін Болгариядағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясына алғыс білдіреміз», - делінген ҚР Президенті Телерадиокешенінің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

 

Соңғы жаңалықтар