«Болайық бірге» әнінің бейнебаяны жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас әнші Қуандық Рахым мен Гаухар Сардарбек алғаш орындаған «Болайық бірге» әнінің бейнебаяны жарияланды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі жас өнерпаздың орындауындағы ән жұртшылыққа кең танылған еді.

Бірақ ерекше қоңыр дауыс иесі, Жезқазғаннан шыққан жез таңдай, қазақ эстрадасының жаңа жарық жұлдызы Қуандық бұл жолы Гаухар Сардарбекпен емес, Альбина Шардаровамен дуэт құрған.

Айта кетейік, бұл әннің сазы өзбектің «Азизм» деген әнінен алынған. Өзбекстанда ол ән Жасурбек Жабборов пен Дилноза Акбарова орындауында танылған.

Соңғы жаңалықтар