Болат Бақауов әлеуметтік дүкендердің жұмысын сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Болат Бақауов Павлодарға әлеуметтік дүкендер емес, әлеуметтік базар қажет екендігі туралы атап өтті, деп хабарлайды http://pavlodarnews.kz/

«Бүгінде бізде шынымен де әлеуметтік болып табылатын дүкендер жоқ, - деді облыс әкімі кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының алқа отырысында. - "Әлеуметтік дүкен" деген атауын алға тартып, жалған маңдайша арқылы өзіне тұрғындарды тартуға тырысады. Шын мәнінде ол жердегі бағалар қарапайым халықтың қалтасына сай келмейді. Наурыз айының басында үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінен тұратын тізімді бекіткен. Сондықтан әлеуметтік дүкендерде, шағын маркеттерде және гипермаркетте осы тамақтардың бағасын бақылап отыру керек. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Оксана Давыденконың айтуынша, 2010 жылы ашылған 10 әлеуметтік дүкеннің бүгінде бесеуі ғана жұмыс істейді. Оның ішінде Успен ауданындағы әлеуметтік сауда нүктесі ғана ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей саудалайды.

«Бүгінде бізге әлеуметтік дүкендер емес, әлеуметтік базар керек», - деді Болат Бақауов. «Бұл базарға біздің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жетекшілік ету керек. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке мұқтаж адамдардың қажеттілігін ескеру керек». 

Соңғы жаңалықтар