«Болашақпен» бакалавриат бойынша оқу мүмкіншілігі қайта қолға алынуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриат бойынша оқу мүмкіншілігі қайта қолға алынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік (Білім және ғылым министрлігі) «Болашақ» бағдарламасымен бакалавриат бойынша оқуды қайтару мәселесін қарастырып жатыр», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта мұндай мүмкіншілік мектепті ең үздік бітірген түлектерге берілуі ықтимал.

Жалпы, Жанболат Мелдешовтің атап өтуінше, 23 жыл ішінде «Болашақ» стипендиясы аясында ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 9 339 маман даярланды. Олардың арасында 2 000-нан аса инженер, 2 000-ға жуық мектеп және жоғары оқу орындарының өкілдері, ел өңірлеріне арналған 600 дәрігер, 400 мемлекеттік қызметші, 200 шығармашылық саласының қызметкері және 2 000-нан аса ұлттық және жеке компания мамандары бар. 

«Мемлекет басшысы қазақстандық ұлттың жоғары біліктілігінің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екендігін бірнеше рет атап өткен болатын. «Болашақ» бағдарламасы жиырма жылдан аса уақыттан бері заманауи жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім флагманы бола отырып, жоғары білімді ұлттың қалыптасуына өзінің айтарлықтай үлесін қосып келеді. Түлектердің 100 пайызы жұмысқа орналастырылды десек те болады. Биыл 544 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды», - деген еді ол.

Соңғы жаңалықтар