«Болашақ» зауытының қуаты жылына 22,5 млн тонна мұнайға есептелген - Бруно

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қашаған мұнайы түсе бастаған «Болашақ» зауыты жылына 22, 5 млн тонна мұнай және 6,2 млрд текше метр газ өңдейді, деп хабарлады Мемлекет басшысының өңірге сапары барысында «НКОК» басқарушы директоры Бруно Жардэн.

 «Мұнай өңдеу жүйесі тәулігіне 450 мың баррельге немесе жылына 22,5 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді. Ол мұнайды сусыздандыруды және тұрақтандыруды, меркаптанды жоюды, «Қашаған» кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінде сақтауды және экспортқа жөнелтуді қамтиды. Жылына қуаты 6,2 млрд текше метрге дейін газ дайындайтын жүйе, отын мен күкірт ретінде сұйытылған газды да қоса алады.

Сондай-ақ қалдық газды тазалау мен оны тұтынушыға жөнелтер алдында қолданыстағы желіге қосу нүктесіне дейін сығады», - деп хабардар етті Мемлекет басшысын Қашаған кен орнын игеру бойынша Солтүстік-Каспий жобасын іске қосу таныстырылымы барысында. 

Соңғы жаңалықтар