«Болашақ» стипендиясы 544 үміткерге берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл еліміздің мерейлі мерекесі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өтуге санаулы ғана күн қалды. Айтулы мереке шеңберінде Мемлекет басшысының Жарлығымен «25 жұлдызды күн» белгіленді, ал осы 7 желтоқсан еліміздің жарқын болашағы мен жастардың кемел келешегіне арналған. Отырысымыздың осы күн қарсаңында өткізілуінің өзіндік мәні де бар. Өйткені, «Болашақ» бағдарламасы ел дамуына елеулі қосып келеді»,-  деді Мемлекеттік хатшы.

null  

Оның айтуынша, Тәуелсіздік  жылдары ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің жоғары санатты мамандарын дайындайтын әлемдік жетекші жобаға айналып отыр.

«Осы жылдары ішіндегі табыстарымызға шолу жасар болсақ, 23 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге дейін 9339 қазақстандық  білімдерін арттырды. Биылғы жылы комиссияға бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұл «Болашақ» бағдарламасы әрі қарай тиімді жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Г.Әбдіқалықова.

null  

Комиссия отырысы аясында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның  хаттамалық тапсырмасының орындалуы туралы есебі тыңдалып, «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Сонымен қатар комиссия шешімімен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша әзірленген 2017 жылға басым мамандықтар тізбесі бекітіліп, келесі жылға арналған стипендиялардың шекті саны анықталды.

Комиссия шешімімен стипендия магистратуарда және докторантурада оқитын, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 544 үміткерге тағайындалды.

null  

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан ары іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар