«Болашақ» стипендиясы 171 үміткерге берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында болашақта ұлттық табысты болуы оның қазба байлығымен емес адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады деп атап өткен болатын. «Болашақ» бағдарламасы осы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаумен айналысады. Сондықтан  бұл бағдарламаны одан ары дамытудың маңызы зор деп ойлаймын», - деді комиссия отырысын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова.
null 

Отырыс барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы барысы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Комиссия шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, әлемнің жеткші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өтуге жіберілетін 171 үміткерге тағайындалды.
null 

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру  және тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар