Болашағы жоқ кәсіпорындарды жабу керек - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев болашағы жоқ кәсіпорындарды жауып, онда жұмыс істейтін адамдарды басқа жаққа ауыстыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол 90-жылдары жекешелендірілген кәсіпорындар арасында табысты жұмыс істеп жатқандары бар екенін, алайда бүгінге дейін пайдасынан гөрі зия көп кәсіпорындар санының артқандығығын айтты.

«Бұл өте қиын процесс. Экономиканы жаңғырту аясында бір нәрсені анық түсінуіміз қажет. Егер кәсіпорынның болашағы болмаса, оны жабу қажет. Пайдасы жоқ кәсіпорында жұмыс жасайтын адамдарды өзге жұмысқа орналастыру қажет және бұл үшін айлықты кешіктірмейтін, жеткілікті жалақы төлейтін, өзге де қиындықтарды болдырмайтын база дайындау керек. Олар сонда жұмыс істеп, отбасын асырайтын болады. Түсініксіз кәсіпорындарды қолда ұстап, субсидиялаудың не қажеті бар», - деді ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІV Съезін қорытындылау сөзінде.

Премьер-Министр бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізудің қажеттілігін тілге тиек етіп, Қазақстанның бизнес-қауымдастығынан көмек сұрады.

Соңғы жаңалықтар