Боксшы Майк Тоуэлл нокауттан кейін көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жартылай орта салмақтағы шотландиялық боксшы Майк Тоуэлл Дэйл Эванспен өткен жекпе-жекте алған жарақаттан соң ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады The Daily Mail.

Кездесу 29 қыркүйек күні кешкі уақытта Шотландияның Глазго қаласында, Radisson Blu Hotel-де болған. The Sun газетінің жазуынша,  Тоуэлл бірінші раундта нокдаун алып, бесінші раундта нокаут алған. Бұл соққының күштілігі соншалық, жекпе-жек тоқтатылып, Тоуэллді ауруханаға алып кеткен.

Тоуэллдің менеджері спортшының ауыр жарақат алғанын және хал үстінде жатқанын хабарлады. Оны өкпе желдеткіш аппаратқа қосып қойды. Алайда, көрсетілген медициналық жәрдемге қарамастан, 1 қазанға қараған түні боксшы көз жұмды.

Майк Тоуэлл 25 жаста еді, кәсіби бокста 12 кездесу өткізіп, 11 ойынды жеңіспен, ал біреуін тең аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар