Боксшы Димаш Ниязов Детройтте қарсыласын нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Нью-Йоркте тұратын және сол қалада полицей болып жұмыс істейтін Шымкент тумасы  Димаш Ниязов кәсіби рингте өзінің кезекті айқасын өткізді, деп хабарлады Sports.kz

Детройттегі бокс кеші аясында Ниязов бесінші раундта доминикандық Рамон Геварды техникалық нокаутқа жіберді.  Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті.   

Бұл  Ниязовтың 11-ші жеңісі  (4-еуі уақытынан бұрын аяқталған), жеңіліп көрмеген, 3 кездесуде тең нәтиже көрсеткен.    

Димаш Ниязов 13 жасында отбасымен АҚШ-қа көшіп кетіп, бүгінге дейін сол жақта тұрып жатыр. Қазақстанда боксшы Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігінде жаттыққан.   

Соңғы жаңалықтар