Бокс: Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақта бокстасатын қазақстандық Мадияр Әшкеевтің (8-0-0, 4КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталының мәлметтеріне сүйенсек, отандасымыз 3 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында шаршы алаңға шығып, доминикандық боксшы Хосе Антонио Абреумен (13-3-0, 8КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, бокс кешінің басты жекпе-жегі ресейлік Сергей Ковалев пен отандасы Игорь Михалкин арасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар