Бокс кеші: Қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қанат Ислам мен Патрик Аллотей салмақ өлшеу рәсімінде, ертең болатын басты бокс кешінің өзге де қатысушылары салмақ өлшеді. Бұл шарада қазақстандық боксшылардың қарсыластары, спортшылардың салмақтары белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегінде қолға түйістіретін қазақстандық боксшылар: Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Жұман Жұмабековтың қарсыластары белгілі болды.

Нақтырақ айтқанда, Рио олимпиадасының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ спортшысы Милтон Нунезбен қолғап түйістіреді. 79 келі салмақта олар 6 раунд бокстасады.  

Жанқош Тұраров ганалық Азек Ариимен 66 келіде 10 раунд күш сынасады.  

Бүгінгі салмақ өлшеу рәсімінде 99 келіні көрсеткен отандасымыз Руслан Мырсатаев ганалық Нуху Азумимен (103 келі) қолғап түйістіреді. Олар 10 раунд беріліп отыр.

Қазақстандық Әли Ахметов (78 келі) әзербайжандық Әли Маммедовпен (77 келі) 6 раундқа жекпе-жекке шығады. 

Отандасымыз Айдар Шәрібаев (60 келі) испаниялық Хуан Венено Окуромен (59 келі) 6 раундқа жекпе-жекке шығады.

Ал Жұман Жұмабеков (63 келі) Беларусь боксшысы Владимир Ивановпен (63 келі) 4 раунда күш сынасады.

Еске сала кетейік, Алматыда 29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында Қанат Ислам мен Патрик Аллотей WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Патрик Аллотей осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-інде қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие.

32 жастағы Қанат Ислам бұл жекпе-жекке жаттықтырушысы Нельсон Лопеспен бірге Алматыдағы AIBA (Халықаралық әуесқой боксфедерациясы) бокс академиясында жаттықты.

Қанат Ислам бұл кездесуден кейін жыл соңына дейін Америка құрлығында тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын бұған дейінгі БАҚ-пен кездесуінде айтқан болатын. Ол 2017 жылы «кем дегенде төрт кездесу өткізбек.

Қанат Ислам Аллотейге дейін 2016 жылғы 9-мамырда Флорида штатында колумбиялық Хуан де Анхельмен кездесіп, алтыншы раундта жеңіске жеткен.

Қытайда туған Қанат Ислам сол елдің атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль иеленген. Осы Олимпиададан кейін ол Қазақстанға қоныс аударған. Қанат Ислам 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына Қазақстан атынан қатыспақ болған кезде азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрған. Кейін Майамиге (АҚШ) барып, Нельсон Лопестің проумоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан. Қазір Қанат Исламның барлық кездесуін осы компания ұйымдастырып жүр.

null 
null null null  
null  

Соңғы жаңалықтар