Бокс кеші: «Қазақ» канадалық «Жаман баланы» 9-раундта тізе бүктірді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукты (18-0, 11КО) жеңіп, өз атақтарын қорғап қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Екі боксшы да бірінші раундтан бастап ашық бокстасты. Қанат Ислам қарсыласын бүйірден ұрып жүріп, джебпен мазасын алды. Хуктары да діттеген жеріне жетті. Алайда «Жаман бала» да қарап қалған жоқ. Қарымта шабуылдарын жасап, «Қазаққа» қысым да жасап көрді.



Екінші раундта Қанат өз шабуылдарын үдетті. Ал үшінші раундта шықшыттан ұрған бір жойқын соққысы канадалық боксшыны есеңгіретіп тастады. Раундтың соңында «Қазақ» оң қолымен өз қарсыласын нокдаунға да түсірді. Осымен жекпе-жекті аяқтаймын дегенде гонг соғылды. Содан Брэндон Кук ауыр нокдауннан айығып үлгерді. Дегенмен, бесінші раундта Қанат сол қолымен қарсыласын тағы да нокдаунға жіберді. Канадалық тағы есін жиып алды.

Алтыншы раундтан бастап Брэндон Кук ширақ қимылдай бастады. Ара-тұра Қанатты қыспаққа да алып жүрді. Алайда Қанат Ислам оның қарқынын джебпен шебер тоқтата білді. Ал сегізінші раундта «Жаман баланы» тағы да ауыр нокдаунға түсірді. Осы жолы да оны гонг құтқарды. Келесі раундта Қанат Ислам бірден өз қарсыласын соққының астына алды. Брэндон Кук оған жауап бере алмады. Сол кезде төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Осылайша, Қанат «Қазақ» Ислам теxникалық нокаутпен жеңіске жетті.



Айта кетейік, аталған жекпе-жектің андеркартында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген 8 қазақ боксшысы өнер көрсетті. Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді.

«Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласынсабасына түсірді.

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетті.

Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді.

Нұрсұлтан Жаңабаев та өз уәдесін орындап шықты.

Аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаевтөртінші жеңісіне қол жеткізді.

Жәнібек Әлімxанұлы болса, кәсіби бокстағы екінші жеңісіне жетті.

Жанқош Тұраров та өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар