Бокс: Қазақтың үш қызы әлем чемпионатының финалында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Гувахати қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақтың үш қызы  финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін 48 келі салмақта Жазира Орақбаева мен +81 келі салмақта Дина Исламбекова финалға шықса, 81 келіге дейінгі салмақта тағы бір отандасымыз Арайлым Бекділдә  да қарсыласын жарыс жолынан тайдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына бір табан жақындай түсті.

Арайлым Бекділдә  жартылай финалда украиндық боксшы Елизавета Слюсарьды 30-27, 30-27, 30-27,30-26,30-26 есебімен қапы қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында екі қола медаль бар. Оның біріншісін 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Жансая Әбдраимова жеңіп алса, екіншісін 60 келі салмақта сынға түскен Жансая Балтабекова  иеленді.

Соңғы жаңалықтар