Бокс: Қазақстан құрамасы ресейліктермен тең түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі AIBA академиясында бокстан Қазақстан, Өзбекстан және Ресей ұлттық құрамаларының бүгінгі жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, үш ел құрамаларын қамтып отырған бұл турнир 19 ақпанда мәресіне жетеді деп күтілуде.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда,17 ақпанда түске дейін Қазақстан мен Өзбекстан былғары қолғап шеберлерінің арасында өткен жекпе-жектерде біздің спортшылар айқын басымдықпен жеңді. Бұл кездесу 9:1 есебімен аяқталды. Атап айтқанда, тек 91 келіден жоғары салмақта сынға түскен Нұрлан Сапарбай өзбекстандық Профсор Роримшаға есе жіберіп алды.

Ал түстен кейін Қазақстан мен Ресей командалары арасындағы кездесу өзара тартысқа толы болды. 10 салмақ дәрежесінде ресейліктермен арадағы бұл дода 5:5 есебімен аяқталды. 91 келіден жоғары салмақтағы соңғы жекпе-жектің екінші раундында Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласы Влад Муравинді нокдаунға жіберді. Осы арқылы Қазақстан боксшысы бұл шешуші жекпе-жекте ресейліктермен тең түсу мүмкіндігін іске асырды.

Сонымен, бүгін шаршы алаңға шыққан Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары:

49 келіге дейін: Ержан Жомарт - Аброрбек Абдусаламов;

52 келіге дейін: Азат Махметов - Абдулло Кучкаров;

56 келіге дейін: Қайрат Ералиев - Баходир Баратов;

60 келіге дейін: Саматәлі Төлтаев - Сулаймон Латипов;

64 келіге дейін: Қуан Қуатов - Жавохир Собиров; 69 келіге дейін: Данияр Елеусінов - Фуркат Шамуратов;

75 келіге дейін: Ерік Әлжанов - Фанат Кахромонов;

81 келіге дейін: Бек Нұрмағамбет - Дильшод Рустемов,

91 келіге дейін: Нұрбол Алтаев - Жамшид Абдуллаев.

91 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай - Профсор Роримша.

Бұдан бөлек, түстен кейін сайысқа түскен Қазақстан мен Ресей боксшылары: 49 келіге дейін: Жандос Несіпжан - Батор Салагуев;

52 келіге дейін: Анвар Мұзапаров-Тамир Галанов;

56 келіге дейін: Абылай Сайлаубеков - Руслан Белоусов;

60 келіге дейін: Ертұрған Зейнуллин - Альберт Батырғазиев;

64 келіге дейін: Рай Сейітжанов - Павел Федоров;

69 келіге дейін: Али Акедилов - Влад Савастьянов;

75 келіге дейін: Абай Төлеш - Дмитрий Нестеров;

81 келіге дейін: Ердос Нұрқали - Георгий Кушиташвили;

91 келіге дейін: Антон Пинчук - Муслим Гаджимагомедов;

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев - Влад Муравин.

Соңғы жаңалықтар