Бокс: Қанат Ислам Норберто Гонсалесті ұпай санымен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) мексикалық Норберто Гонсалесті (24-9, 13 КО) ұпай санымен ұтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

Бока-Ратонеде (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен 12 раундтық жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласынан басым түсті. Осы жеңісінің арқасында отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулдарын жеңіп алды. Бұл Қанаттың кәсіби бокстағы 24-ші жеңісі.

Айта кетейік, boxrec.com сайты Қанаттың мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы жекпе-жегінің деңгейін 3 жұлдызға бағалады. boxRec порталының әлемдік рейтингінде Қанат бірінші орта салмақта 55 ұпаймен 55-орында тұрған болса, Гонсалес 59 ұпаймен 46-орында тұрған болатын. Бұл Қанаттың алғашқы 3 жұлдыз деңгейіндегі жекпе-жегі.
 

Соңғы жаңалықтар