Бокс: Дортикостың Кудряшовты қалай сұлатқаны жайлы видео пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Дүниежүзілік бокс суперсериясының (WBSS) ширек финалында кубалық Джуниер Дортикостың ресейлік боксшы Дмитрий Кудряшовты нокаутқа түсірген бейнесі пайда болды.

 Видеоны Twitter-аккаунтта przemek garczarczyk жариялады.

Екінші раундта Дортикостың ауыр соққысы қарсыласының басына дәл тиді. Тәлтіректеген ресейлік құлап түсті. Есеңгіреген Кудряшов орнынан тұра алмай жатқанда  айқас тоқтатылды.

Енді WBSS жартылай финалында Дортикос ресейлік Мұрат Гассиев пен поляк Кшиштоф Влодарчик арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен былғары қолғап шеберімен кездеседі.

31 жастағы Кудряшов өз мансабында екінші рет жеңіліс тапты. Оның қоржынында 21 жеңіс (барлығы нокаутпен) бар. 31 жастағы жеңіліп көрмеген кубалық 22 жекпе-жегінде (21-і нокаутпен) басым түскен. 

Соңғы жаңалықтар