Бокс: Батыржан Жүкембаев Монреальда шаршы алаңға шығады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыржан Жүкембаев (11-0-0, 9КО) 2018 жылдың алғашқы жекпе-жегін 31 наурыз күні өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшы Instagram парақшасында алдағы бокс кешінің баспасөз мәслиxатынан фотолар жариялап, шаршы алаңға 31 наурыз шығатынын мәлім етті.

Айта кетейік, айтулы бокс кешінде жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (7-0-0, 5КО) және  Нұрзат Сабиров өнер көрсетеді.

BoxRec порталының мәлметтеріне қарағанда, бокс кеші 31 наурыз күні Канаданың Монреаль қаласы Montreal Casino кешенінде өтеді. Әзірге қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгісіз.

Еске сала кетейік, Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 16 желтоқсанында өткізіп, мексикалық Уилберт Лопесты (20-9-0, 14КО) ұпай айырмашылығымен жеңген болатын.

 

Кеше қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев, Абылайxан Хусаинов, Нұрзат Сабиров және канаданың басқа да боксшыларының қатысуымен 31 наурызда өтетін бокс кешінің баспасөз мәслиxаты өтті. Боксшылардың қарсыластары жуық арада белгілі болады. ------------------------------------------ #batyrjukembaev #ablaykhankhussainov #kazakhstan #astana #almaty #kazboxing #boxing #batyroff #batyrteam #canada #777 #ibo #caneloggg #usa #traning #lasvegas #tmobile #saunderslemieux #hbo #hboboxing #wbo #astanaarlans #nationalteam #aibaboxing #aiba #zabjudah #usa

Публикация от БАТЫР |777| ЖҮКЕМБАЕВ 🇰🇿 (@batyr777off) Фев 22, 2018 в 8:16 PST

Соңғы жаңалықтар