Бокс: «Астана арландарының» жарыс кестесі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті 7-ші маусымында өнер көрсететін «Астана арландары» 3 ақпан күні ресейлік «Russian Boxing Team» командасымен алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХХА тілшісі.

Биыл Бүкіләлемдік бокс сериясында командалар орналасқан құрлықтары бойынша төрт-төрттен америкалық, еуропалық және азиялық болып - 3 топқа (жобаға барлығы 12 команда қатысады) бөлінді. Екі дүркін чемпион атанған  «Астана арландары» келесі жаңа маусымда жобаға қайта оралған China Dragons (Қытай), Uzbek Tigers (Өзбекстан) және Russian Boxing Team (Ресей) командаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Қазіргі мәлімет бойынша төмендегі боксшылар жаңа маусымда негізгі құрамда өнер көрсетеді:

49 кг: Теміртас Жүсіпов , Ермек Мадиев;

52 кг: Олжас Сәттібаев, Әнуар Мұзапаров;

56 кг: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев;

60 кг: Зәкір Сафиуллин, Мирасәлі Сәрсенов;

64 кг: Ділмұрат Мижитов, Мақсат Жексенбі;

69 кг: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов;

75 кг: Ерік Әлжанов, Сапарбай Айдаров;

81 кг: Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек;

91 кг: Антон Пинчук, Мұхамеджан Еркін;

+91 кг: Олжас Боқаев, Дмитрий Зиско.

Салмақ дәрежелері жылдағыдай С1 және С2 топтарына бөлінеді. С1 тобында: 49 кг, 56 кг, 64 кг, 75 кг және 91 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар болады. С2 тобына: 52 кг, 60 кг, 69 кг, 81 кг және +91 кг салмақ дәрежелері енеді. Маусым барысында командалар С1 және С2 топтарында кезек-кезек кездесулер өткізетін болады.

Команданың жарыс кестесі төмендегідей:

3 ақпан

«Russian Boxing Team» (Ресей) - «Astana Arlans» (Қазақстан)

«China Dragons» (Қытай) - «Uzbek Tigers» (Өзбекстан)

17 ақпан

«China Dragons» - «Russian Boxing Team»

«Astana Arlans» - «Uzbek Tigers»

3 наурыз

«Astana Arlans» - «China Dragons»

«Uzbek Tigers» - Russian Boxing Team

17 наурыз

«Astana Arlans» - «Russian Boxing Team»

«Uzbek Tigers» - «China Dragons»

31 наурыз

«Russian Boxing Team» - «China Dragons»

«Uzbek Tigers» - «Astana Arlans»

21 сәуір

«China Dragons» - «Astana Arlans»

«Russian Boxing Team» - «Uzbek Tigers»

Соңғы жаңалықтар