Бокс: «Астана арландарының» негізгі құрамы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті 7-ші маусымы 2017 жылдың ақпан айында басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл Бүкіләлемдік бокс сериясында командалар орналасқан құрлықтары бойынша төрт-төрттен америкалық, еуропалық және азиялық болып - 3 топқа (жобаға барлығы 12 команда қатысады) бөлінді.

Екі дүркін чемпион атанған  «Астана арландары» келесі жаңа маусымда жобаға қайта оралған China Dragons (Қытай), Uzbek Tigers (Өзбекстан) және Russian Boxing Team (Ресей) командаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Енді «Астана арландарының» жаңа құрамы ұлттық құрамамен бірге қаңтар айында Алматыда орналасқан АИБА-ның Бокс академиясында жаттығу жиындарын өткізеді.  Сонымен қатар, қаңтарда боксшылармен келісімшарт жасалып, «Астана арландарының» WSB-дың жетінші маусымына тұсаукесері өткізіледі.

Команданың негізгі құрамына 10 салмақ дәрежесі бойынша 20 боксшы енеді және 17 боксшы қосалқы құрамды толықтырады.

Қазіргі мәлімет бойынша төмендегі боксшылар жаңа маусымда негізгі құрамда өнер көрсетеді:

49 кг: Теміртас Жүсіпов , Ермек Мадиев;

52 кг: Олжас Сәттібаев, Әнуар Мұзапаров;

56 кг: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев;

60 кг: Зәкір Сафиуллин, Мирасәлі Сәрсенов;

64 кг: Ділмұрат Мижитов, Мақсат Жексенбі;

69 кг: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов;

75 кг: Ерік Әлжанов, Сапарбай Айдаров;

81 кг: Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек;

91 кг: Антон Пинчук, Мұхамеджан Еркін;

+91 кг: Олжас Боқаев, Дмитрий Зиско.

Салмақ дәрежелері жылдағыдай С1 және С2 топтарына бөлінеді. С1 тобында: 49 кг, 56 кг, 64 кг, 75 кг және 91 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар болады. С2 тобына: 52 кг, 60 кг, 69 кг, 81 кг және +91 кг салмақ дәрежелері енеді.

Маусым барысында командалар С1 және С2 топтарында кезек-кезек кездесулер өткізетін болады.

Арландардың алғашқы кездесуі сыртта, Ресейде ақпан айының басында өтеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар