Бокс: Арайлым Бекділдә әлем чемпионы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Гувахати қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақ қызы Арайлым Бекділдә әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда ресейлік Анастасия Рыбакты ұтып, жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Арайлым жартылай финалда украиндық боксшы Елизавета Слюсарьды 30-27, 30-27, 30-27,30-26,30-26 есебімен қапы қалдырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 48 келі салмақта Жазира Орақбаева мен +81 келі салмақта Дина Исламбекова финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, дәл қазіргі есеп бойынша Қазақстан қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Алтынды Арайлым Бекділдә  жеңіп алса, екі қола медалді 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Жансая Әбдрайымова мен 60 келі салмақта сынға түскен Жансая Балтабекова  иеленді.

Соңғы жаңалықтар