Бөкейордалық оқушы республикалық радиобайқаудан бірінші жүлдемен оралды - БҚО

None
None
ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы аудандық балалар музкыа мектебінің ұстазы, домбырашы Азамат Зайноллиннен дәріс алып жүрген өнерлі шәкірт Қуаныш Құбайтов (М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы) таяуда Қазақ радиосы,

«Шалқар» ұлттық арнасы және «Атадан қалған мұра» қоры ұйымдастырған екінші республикалық «Тайжарыс» радиобайқауында (Көкшетау қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы) жүлделі бірінші орынды иеленді.

Осылайша ол Қазақ радиосының директоры Махат Садық, «Шалқар» радиосының бас редакторы Көпен Әмірбек және «Атадан қалған мұра» қорының директоры Гүлден Жұмабай қол қойған диплом мен бағалы сыйлықты еншіледі.

Бөкей ордасы - ежелден өнер ордасы. Күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Дина, Дәулеткерей мен Сейтек сынды бірегей дарындар шыққан өлке.

Соңғы жаңалықтар