Bloomberg 2017 жылдың басты бес экономикалық қаупін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bloomberg агенттігі пікір сұраған сарапшылар әлемдік нарықтағы 2017 жылдың бес ірі қаупін атады. Атап айтқанда, олардың арасында доллардың ықпалы және АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатынан түңілу де бар, деп жазды tvrain.ru.

Сарапшылар мен инвесторлардың айтуынша, АҚШ долларының шектен тыс нығаюы әлемдік экономикаға нұқсан келтіреді. Бұл экспорттаушы елдерді шығынға батырады және олардың әлемдік экономикадағы ұзақ дағдарыстан қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Одан бөлек, доллар қымбаттағандықтан, инвесторлар жергілікті валютадан қашып, қаржысын долларда сақтайды. Бұл дамушы елдерге кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, АҚШ ұлттық валютасының шамадан тыс көтерілуі тау-кен қазу компанияларына да ықпалын тигізеді.

Сонымен бірге, АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатынан түңілу де әлемдік нарыққа әсер етеді. Сарапшылардың пікірінше, нарықтар Трамптан көп нәрсе күтеді және олардың «үміттері ақталмай қалуы» мүмкін. Бұл да әлемдік нарыққа кері ықпалын тигізеді. Bloomberg АҚШ президенті сайлауында Трамп жеңіске жеткен бір тәулікте көптеген биржалық индекстердің өскенін атап өтті.

Bloomberg сарапшылары тағы бір қауіп ретінде Қытайды атап отыр. Олардың айтуынша, жақын арада бұл елдің экономикасы баяулайды, бұл тау-кен қазу ісіне және өндіріс тауарларына нұқсанын тигізеді. 

Соңғы жаңалықтар