Blackberry смартфондар шығармайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Blackberry компаниясы смартфондар шығаруды тоқтатады. Бұған Android операциялық жүйесіне көшудің сәтсіз болуы себеп.

Тұтынушыларды Blackberry-дің жаңа модельдеріне қызықтыруға бағытталған әрекеттер зая кетіп, компанияның тоқсандық табысы 32%-ға төмендеген. Аталған компания смартфондарды құрастырып, өндіруді индонезиялық әріптестеріне тапсырды. Ендігі жерде өздері басты назарды бағдарламалық қамтамасыз етуге және IT-қызметтерге аударады, деп хабарлайды Хабар24 телеарнасы.  

 

Соңғы жаңалықтар