БҚО театрында «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясы қойылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында белгілі башқұрт драматургі Флорид Буляковтың шығармасы бойынша «Қысқа ғұмыр» мұңды комедиясының премьерасы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Аталмыш туындыны қазақ тіліне театр актрисасы Эльмира Мақашева аударса, қойылымды актер әрі режиссер Самал Әбуов сахналады. Суретшісі - Мұрат Мәмбетов. Оқиға негізінен төсек тартып жатқан шал мен оның кемпірі арасында өрбиді. Түсіне ажал  еніп, өзінің дәм-тұзы таусылуына үш сағат қалғанын білген шалға осы мерзімде сауапты іс қылуға «тапсырма беріледі». Сауапты іс қылса, ғұмыры да ұзармақ. Сондықтан кемпірі екеуі қандай сауапты іс тындыру керектігін ақылдаса отырып, өткен өмірлерін көз алдынан өткізеді. Олардың жас кезіндегі бейнелері Григорий мен Василиса кейпінде көрінеді. Өз жарының қадірін білмей, көзіне шөп салған Григорий, перзент сүйе алмай, пұшайман болған әйел арасындағы тартыс қартайған кезде де бітпейді. Бір-біріне деген қызғанышын жасыра алмағанмен, қимастық та айқын байқалып тұрады.  Туынды қанша өкпе-реніш болса да, адам кешіре біліп, бір-бірімен сыйласа білуден артық ештеңе жоқтығын ұғындыра түседі, ой салдырады. Салауат Түменов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытгүл Жақыпова, Жасқайрат Валиуллиев, Жұлдыз Мамедова сынды театр әртістері ойнайтын спектакль көрермендерді бей-жай қалдырмайды.
null 

Айта кетейік, Флорид Буляков (1948-2015) - Башқұрт Республикасының халық жазушысы, Ресей Мемлекеттік және Салауат Юлаев атындағы Башқұрт Мемлекеттік сыйлығының иегері, Башқұртстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Жиырмаға жуық пьеса жазған оның туындылары Ресей мен жақын шет елдердің 150-ден астам театрларында қойылып келеді. Флорид Буляков кино саласында да жемісті еңбек етіп, башқұрт елінің бірінші кәсіби кинодраматургы атанды.  Үш кинороман, тоғыз кинокомедия жазған ол -  50 сериядан тұратын «Айдың қызы» алғашқы башқұрт сериалының  авторы. Сонымен қатар «Махаббат жұлдызы» (композиторы Салауат Низаметдинов) атты бірінші башқұрт рок-операсын да жазды.

Ф.Буляковтың туындысы БҚО театрында алғаш рет қойылып отыр.
nullnull 

Соңғы жаңалықтар