БҚО прокурорының жаңа орынбасары жұмысқа кірісті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының 26 маусымдағы бұйрығымен Александр Васильевич Цуранков БҚО прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО прокурорының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Бас прокуратураға ауысқан Нұрлан Мұратұлы Дүйсенбаевтың орнына келді.

А.В.Цуранков 1981 жылы дүниеге келген, осыған дейін Бас прокуратура департаментінде басқарма бастығы қызметін атқарған. Әр жылдары Бас прокуратура департаментімен қатар Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары, Қостанай облысы Қамысты ауданының прокуроры болды.

«Орталық аппаратта қызмет еткен Александр Васильевич Цуранковтың тәжірибесі жеткілікті.  Енді облыс прокурорының орынбасары ретінде өз қызметін жоғары талаптарға сай, біліктілікпен атқарады деп сенеміз. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен де тығыз байланыста жұмыс жасайтын болады», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов.

Соңғы жаңалықтар