Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -5 °С
USD 335.38 EUR 394.07
RUB 5.67 CNY 50.67
Жаңалықтар

БҚО-ның 2018 жылға арналған бюджеті бекітілді

2017 жылғы 7 желтоқсан 14:37 687
Поделиться:
БҚО-ның 2018 жылға арналған бюджеті бекітілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының 2018 жылғы бюджеті 105,9 млрд теңге көлемінде белгіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Тақырыптас жаңалықтар
Қостанай облысының бюджеті бекітілді Қызылорда облысы бюджетінің 67%-ы әлеуметтік салаларға бағытталған

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың облыстық мәслихаттың 2018-2020 жылдарға арналған өңір бюджетінің жобасы мақұлданған кезектен тыс 15-сессиясында мәлім еткеніндей, алдағы жылы өз кірісі есебінен қазынаға 28,7 млрд теңге құйылмақшы.

Сондай-ақ 50,9 млрд теңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенциялар), 23,1 млрд теңге республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер мен несиелер, 3,2 млрд теңге басқа түсімдер есебінде түспекші. Сонымен қатар түсімдер мен шығыстар бойынша 2019 жылғы облыс бюджеті 83,4 млрд және 2020 жылға 92,9 млрд теңге көлемінде белгіленді.

Әлеуметтік қолдау, денсаулық және білім, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту облыстық бюджеттің негізгі бағыттары болып табылады. 

Бюджетте алдағы жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 8,2 млрд теңге, кәсіпкерлік қызметті -2,5 млрд теңге, көліктік инфрақұрылымды дамытуға -6,9 млрд теңге (соның ішінде республикалық бюджеттен келетін трансферттер есебінен 3 млрд теңге), 4,3 млрд теңге басталған жобаларды жалғастыру мен аяқтауға қаралды.

Облыс ауылдарын сапалы ауыз сумен қамту жұмысы жалғасады. Мысалы, республикалық бюджеттен 13 нысанға 2,3 млрд теңге бөлінбекші, соның ішінде бесеуі биылдан ауысатын, ал 9 елді мекенді қамтитын 8-і - жаңа жобалар.

Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарындағы 12 елді мекенді газдандыру жұмыстарын жалғастыруға 1,4 млрд теңге жұмсалмақ.

Оған қоса «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласына 3,2 млрд теңге қаралды.

Сессияда сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер есебінен 2017 жылғы бюджет 3,3 млрд теңгеге нақтыланды. Мұнда 1 млрд теңге әлеуметтік сала мен осы саладағы нысандарды дамытуға, 1,8 млрд теңге ауыл шаруашылығы, ветеринария, қоршаған ортаны қорғауға және басқа мақсаттарға қарастырылды. Осылайша, биылғы бюджет кірістер мен шығыстар бойынша 145,2 млрд теңгеге жетті.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов Елбасы тапсырмасына сәйкес әр салаға қаржы жеткілікті мөлшерде бөлініп отырғанын, сондықтан оны мақсатты түрде, орнымен игеру қажеттігін атап көрсетті. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат