БҚО: Қазталов ауданында 335 млн. теңгеге қос ауылдың жолдары күрделі жөнделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы орталығы Қазталов ауылында үш негізгі көшеге қатқыл табанды жол төселіп, күрделі жөнделуде. Оған қоса Жалпақтал ауылында тағы бір көше реттелуде.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың айтуынша, Қазталовтағы ауылішілік жолдарға 247 млн., Жалпақталға 88 млн., барлығы 335 млн. теңге бөлінген болатын. Сөйтіп жалпы ұзындығы 4,3 км жолдың құрылысы көп ұзамай бітпек. Оған қоса Қазталов ауылында 1,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

null null  

Сонымен қатар республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов күре жолы күрделі жөнделіп жатқаны белгілі. Биыл мердігер компания «Uniserv» ЖШС 127-145 шақырым аралығындағы 18 шақырым жолды күрделі жөндеуді мәресіне жеткізбек.

«Алдағы жылы 145-157 км аралығындағы 12 шақырым жол күрделі жөнделеді. Оған қоса тағы Қоныс ауылына дейінгі 31 шақырым жолға (157-188 км) жобалық-сметалық құжаттама жасалмақшы. Осылайша 2019 жылы қатқыл табанды жолды Қазталов ауылына дейін жеткізу көзделуде», деді Нұрлан Мағазұлы.

null  

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында қатқыл табанды жол тартылмаған үш аудан орталығы қалды. Соның бірі Қазталов болса, қалған екеуі - Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары.

null null  

Соңғы жаңалықтар