БҚО: Ірі жол апатында зардап шеккен 8 адамның жағдайы белгілі болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Кеше Орал-Атырау жолы бойында, Богатск ауылы тұсында болған жол апатына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің айтуынша, ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып, жолдың қарсы бетіне шыққан. Салдарынан Дэу Нексиямен соқтығысқан.

Жол апатынан Дэу Нексия көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова нақтылағандай, жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған.

«Соның үшеуі Ақжайық аудандық ауруханасына жатқызылды. Бесеуі кеше облыстық клиникалық ауруханаға жүгінген. Оның біреуіне ота жасалып, қазір жансақтау бөлімінде. Бір бала кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды, жағдайы ауыр. Жарақат алғандардың бәрі де бақылауда», - деді ол.

Айта кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты барлық бағыттар бойынша жолдар жабылған болатын. Бүгін таңертеңгі 08.00-де қозғалысқа қайта рұқсат етілді. 

Соңғы жаңалықтар