БҚО газеттерінің 100 жылдығына орай экспедиция ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына орай Оралдан Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылына дейін экспедиция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
«Жайық Пресс» ЖШС ұжымы қос газеттің тарихын тереңірек танып-білу мақсатында осы басылымдардың алғашқы саны жарық көрген Хан ордасындағы баспахана ғимаратында болды.

Ғимарат алдында болған салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов облыстық газеттердің өкілдерін ғасырлық тойымен құттықтап, қалың бұқараға мемлекет саясатын, еліміз бен өңірдің өзгеріс-жаңалықтарын жеткізу, кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие беру жолында шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдірді.

null

Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенінің директоры Ғайса Махимов қос басылымның шығу тарихына тоқтала келіп, оны әлі де зерттей түсу қажеттігін жеткізді. «Облыстық газеттердің бастауы болып табылатын «Ұранның» 1917 жылы Ордада шыққаны жөнінде әр жерде там-тұм айтылады. Соның ішінде баспаханада жұмыс жасаған полиграфист Ибрагим Мулякаевтың құжаттары да бар. Дәлірек айтқанда, оның еңбек кітапшасында «1916 жыл, ІІ ай, Ордадағы баспахананың бас әріп терушісі І разряд» деген жазу бар. Демек, баспахана тарихы 1917 жыл емес, одан да әріде жатыр», деді Ғ.Махимов.

null

«1911 жылы Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Бақытжан Қаратаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды ұлт зиялылары Ордада «Қазақстан» газетін шығарғаны белгілі. Баспахана сол кезден бастап-ақ жұмыс жасаған болуы әбден мүмкін. Ал осыдан 100 жыл бұрын, 1917 жылғы 28 шілдеде Ордада Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Нұғман Манаев «Ұран» газетін жарыққа шығарды. Алаштың туын көтеріп, қазақтың өз алдына ел болуын көксеген басылымның қаз басып кетуіне Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Тәмимдар Сафиев, Халел Есенбаев сынды біртуар тұлғалар атсалысты. Қазақстанның әр жерінде осындай басылымдардың өмірге келіп, таралуы халықтың басын қосып, бірлігін нығайтуға үлесін қосты. Сол алашшыл тұлғалардың ісін кейінгілерге үлгі ету мақсатында қос газеттің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шараларды тарихи Хан ордасы ауылынан бастауымыз да сондықтан», деді Ж.Сафуллин.

null

Экспедицияға қатысушылар Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені құрамындағы бес бірдей музейде, сондай-ақ Жәңгір хан, қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Мұхамед-Салық Бабажанов, дәулескер күйші Дәулеткерей жерленген пантеонда болып, бабалар рухына тағзым етті. Оған қоса табиғаты ерекше Хан ордасының қарағайлы орманын да аралады.

Соңғы жаңалықтар