БҚО-дан ихтиозаврлардың ең көне түрі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысынан ихтиозаврлардың ең көне түрі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Зеленов аудандық жас туристер стансасының жас геологтары тапқан бірегей олжаны зерттеу мақсатында Оралға келген ресейлік ғалым, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Бүкілресейлік палентология қоғамы Ульянов бөлімшесінің төрағасы Владимир Ефимовтің мәлім еткеніндей, бұл - Қазақстаннан табылған, мезозой дәуіріне жататын бірегей олжа, ең көне ихтиозавр, ол суды мекендеген барлық динозаврлардың түпатасы болып саналады.

Бұрын еш жерде кездеспеген, ғылымда сипатталмаған тіршіліктің жаңа түрі. Сондықтан оған Зеленов ауданы жас геологтарының өтініші бойынша жаңа атау беріледі. Ұзындығы 6-7 метрге жететін бұл жануар жыртқыш болған. Бас сүйегі бір метрден асса, ескекаяқтары екі метрдей, кеудесінің диаметрі - 1 метр. Ол негізінен балықтармен және теңіз ұлуларымен қоректенген өте ірі жануар болған. Ихтиозаврлардың көзі де үлкен, 20 сантиметрге дейін жеткен. Сол жерлерден археологиялық қазбалар жүргізсе, бұдан басқа да қызықты олжалар табуға болады. Түптеп келгенде, Оралда ірі палентологиялық музей ашу көзделуде.
null  

Айта кетейік, зеленовтық жас геологтар ихтиозаврдың сүйектерін Ольга Субботинаның жетекшілігімен 2016 жылғы экспедиция барысында сәуір айында тапқан. Содан соң үйірме мүшелері сол жылы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылында өткен жас геологтардың облыстық слетінде ғылыми зерттеулерін қорғап, бірінші орынға ие болды. Кейін Бурабайда ТМД жас геологтары бас қосқан олимпиадада қазақстандық делегация әкелген динозавр сүйектері қатысушылардың назарын аударды.

БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің айтуынша, Батыс Қазақстанда ихтиозаврларды зерттейтін ғалым жоқ. Сондықтан динозаврлардың көптеген түрін тапқан осы саланың білгір маманы Владимир Ефимовқа сарапшы болуға ұсыныс жасалды. Ол аталмыш ихтиозавр бұдан бұрын табылғандардан 5 млн жыл бұрын (яғни 150 млн  емес, 155 млн жыл бұрын) өмір сүрген деп отыр. Сонымен қатар ғалым аталған жерді әлі де зерттей түсуге кеңес берді.

«Зеленов ауданы Краснов ауылдық округінде палентологиялық қорық ашу жұмыстары жүргізілетін болады. Алдымен шекарасы анықталып, содан кейін қазба жұмыстары жалғасады. Ихтиозаврлардың басқа да түрлері табылып қалуы әбден ықтимал», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне В.Фомин. 

Соңғы жаңалықтар