БҚО-дан халықаралық «Шабыт» фестиваліне жолдама алғандар белгілі болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда облыстық «Дала дарындары» жастар шығармашылығы фестивалі мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығынан түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі өнер байқауына алпысқа жуық үміткер қатысып, классикалық музыка, эстрадалық вокал, бейнелеу өнері, халық музыкасы, хореография, әдеби шығарма аталымдары бойынша бақ сынады.

Сайыс қорытындысында Орал қаласы атынан сынға түскен Гүлім Атошева халық музыкасынан, Сұлтан Қайырсапиев эстрадалық вокалдан, теректілік Әділет Орынбасаров пен оралдық Мәрлен Ғилымханов әдеби шығармадан, Ақжайық ауданынан Қайсар Сисенғазиев бейнелеу өнерінен бірінші орынды иеленіп, қараша айында Астанада өтетін ХІХ халықаралық «Шабыт» фестиваліне жолдама алды.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медхат Қамбетовтің айтуынша, «Дала дарындары» фестивалі ел ішінде болашағынан үміт күттіретін өнерлі жастардың баршылық екендігін көрсетті.

null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар