БҚО-дағы жол апатынан құрбан болғандар саны төртеуге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Орал-Атырау жолының 98-шақырымында болған жол апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ақжайық аудандық ауруханасының директоры Дархан Хайрушевтің айтуынша, кеше ауруханаға жеткізілген 1962 жылғы әйел адам да қайтыс болды. Ал жүкті әйел облыстық перинаталдық орталыққа жөнелтілді. Қалған екі ер адамның жағдайы ауыр.

Облыстық перинаталдық орталық директоры Николай Дмитриенконың сөзіне қарағанда, екіқабат әйелдің де жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік, кеше Бударин ауылдық округі Самал елді мекені тұсында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, жасы 40-50-лердегі екі әйел адам оқиға орнында қаза тапқан болатын. Аудандық ауруханаға жеткізілген бес кісінің біреуі (50 жастан асқан ер адам)  кейін көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар