БҚО-да жыл басынан бері 600-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 598 өрт оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің бас маманы Әміржан Қадыровтың айтуынша, соның салдарынан 80 млн астам теңге материалдық шығын келтірілді. Өрт салдарынан 12 азамат қаза тауып, 17-сі түрлі жарақат алды.
null 
null 

Облыстағы өрттің көпшілігі (407) тұрғын үй секторының үлесіне тиеді.

«Күз, қыс айларында аула-қорадағы пішеннің отқа орануы да жиілейді. Мысалы, биылдың өзінде 2 мыңнан астам тонна пішен мен табиғи мал азығы өртеніп кетті. Өңірдегі ауыл шаруашылығы нысандарында үш өрт болса, соның екеуі шөп, сүрлем қоймаларында орын алды. Мұндай өрттер тұрғын үйлерге, адамдарға қауіп төндіреді. Өрттің шығуына кінәлі адамдар, сондай-ақ қауіпсіздікті сақтамағандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан мұның алдын алу бағытында да тиісті шаралар жүргізіледі», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Ә.Қадыров. 

Соңғы жаңалықтар