БҚО-да жол апатынан үш адам мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін Орал-Атырау жолының 98-шақырымында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ақжайық ауданы Чапаевтағы трассалық медициналық құтқару бекетінің аға фельдшері Нұрсейіт Құспанның сөзіне қарағанда, Бударин ауылдық округі Самал елді мекені тұсында Атырауға бет алған «Фольксваген Пассат Седан» автокөлігі «КамАЗ» автокөлігін басып озамын деп, «Киа Рио» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан 40 пен 50 жас аралығындағы екі әйел адам жедел жәрдем келгенше, оқиға орнында қаза тапқан. Бес адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Соның ішінде жасы елуден асқан ер адам қайтыс болған, қалғандарының да жағдайы өте ауыр көрінеді. Олардың бәрі де - облыс тұрғындары. 

Аудандық аурухана директоры Дархан Хайрушевтің айтуынша, дәрігерлер қалғандарының өмірін сақтап қалу үшін барын салуда.



null 

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Апатты жағдайларының жиілеуіне жолдың тайғақтығы да себеп болуда.

Еске сала кетейік,  22 желтоқсан күні осы Орал-Атырау жолының 94-шақырымында, Бударин ауылы маңында қос минивэн түйісіп, соның салдарынан екі әйел көз жұмып, сегіз адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Сондай-ақ 29 желтоқсан күні Самара-Шымкент жолының 357-шақырымында, Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында «Лада Приора» автокөлігі «Ивеко» жүк көлігімен соқтығысып, 1984 және 1983 жылғы жас адамдар мерт болған еді.

Соңғы жаңалықтар