БҚО-да жол апатынан көліктер отқа оранып, 5 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал-Атырау тас жолында болған оқиғаның салдарын өзге көлік жүргізушілері видеоға түсіріп алған.

Видео осыдан 7 сағат бұрын Инстаграмда zello_atyrau тобында жарияланды.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов апаттың орын алғанын растады.«Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында Орал-Атырау автожолының 208-210-шақырымында Mercedes жеңіл көлігі мен "ГАЗель" машинасы соқтығысты. Соққы салдарынан екі көлік те отқа оранды. Екі жүргізуші мен Mercedes-те болған үш жолаушы қаза болды», - деп анықтады Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, өрт сөндіру құрамы және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Трассалық медициналық-құтқару бекетінің дәрігерлері шықты.  



Страшное ДТП (Трасса Атырау-Уральск🔥🔥🔥) Сак болындар🙏🏻Подробности неизвестно. 25.09.16 #Атырау #zello_atyrau #zello

Видео опубликовано ВОДИТЕЛИ И ПЕШЕХОДЫ АТЫРАУ (@zello_atyrau) Сен 25 2016 в 8:31 PDT

Соңғы жаңалықтар