БҚО-да жол апатынан 42 жастағы әйел көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында 42 жастағы әйел жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 17 қараша күні сағат 06.30-да Ақсай-Орынбор жолының 22-шақырымында «Нефтек» жанар-жағар май құю стансасы маңында Ш. деген жүргізуші «Volkswagen Sharan» автокөлігімен 1975 жылғы А. деген жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан аталған азаматша «жедел жәрдем» көлігінде көз жұмған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін «ҚазАқпарат» жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысымен 147 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 24 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар