БҚО-да жеті жерде дала шөптері өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында күннің жылынуы мұң екен, далалық жерлер жанып, өртене бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 28 сәуір күні осындай жеті бірдей оқиға тіркелген. Мысалы, сағат 09.35-те Орал қаласы 2-саяжай аумағы, «Автомобилист» қоғамдастығында 4 га жерде құрғақ шөп жанған. Өрт сөндіруге 1 техника, 4 адам қатысып, ол 10 сағат 43 минутта ауыздықталған. Сол секілді осы маңдағы «Газовик» саяжай қоғамдастығында 2 гектар құрғақ шөпке қоса 10 шаршы метр шаруашылық құрылысы мен ағаш әжетхана өртеніп, сөндірілген (2 техника, 5 адам). Деркөл ауылы ауданында 2 га құрғақ шөп те жанып, ауыздықталған (1 техника, 5 адам). Орал қаласы Сырым Датұлы көшесі, 23/3 мекенжайында 0,2 га құрғақ шөп жанған (1 техника, 5 адам). Сондай-ақ Деркөл ауылы, Деркөл көшесі 1/1 мекенжайында 0,5 га,  Зачаган кентінде Медколледж ауданында 100 шаршы метр құрғақ шөп, Круглоозерный кенті, 1 мамыр көшесі, 29 маңында 100 шаршы метр қоқыс отқа оранған. Оған қоса 2-саяжай аумағында түсқайта құрғақ шөп қайта жанған.

Қазіргі кезде осы өрт оқиғаларының себеп-салдары, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар