БҚО-да жел күшейіп, бұрқасын соғуы ықтимал

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22-23 наурыз күндері өңірдің кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен хабарлағанындай, тұман түсіп, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болуы да ықтимал. Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетіп, осындай ауа райы орын алмақ.

Күн бүгін де бұзылып, жауын бүркіп, көктайғақ болғалы тұр.

Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында қауіпсіздік шаралары алынуда.

Еске сала кетейік, кеше көктайғаққа байланысты Орал-Атырау, одан кейін Жымпиты-Ақтөбе бағытындағы тас жолдар жабылған болатын.

Соңғы жаңалықтар