БҚО-да жауған бұршақ бақша дақылдарына зиянын тигізді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 11 шілде күні кешкісін Зеленов ауданы Дариян ауылында бұршақ жауды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ауыл әкімі Болат Ерболатовтың айтуынша, сағат 18.00 мен 20.00-дің арасында бұршақ қатты жауған. Соның салдарынан бау-бақшаға елеулі залал келген. Ауладағы гүлдерді де көміп тастаған. Ауыл маңындағы егінге бұршақтың кесірі тиді ме, әзірге белгісіз. Аудан әкімінің орынбасарлары Ренат Шәуенов, Асылұлан Досжанов бастаған лауазымды қызметкерлер оқиға орнына келді.

Әйтеуір тосын оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Дариянда электр және байланыс желілері қалыпты жұмыс жасап тұр.

Айта кетейік, Дариян - бұрын Приурал ауданының орталығы болған ірі елді мекен.

Соңғы жаңалықтар