БҚО-да жаңа судьялар таныстырылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Елбасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған жаңа судьялар таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сырым аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Таймас Кеңесұлы Ниязовты БҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Ниязбек Ділдәбеков таныстырып, оның осы салада тәжірибесі мол екендігін атап өтті. «Сырым өңірінде әділ төрелік ету дәстүрі әуелден қалыптасқан. Атақты би Сырым Датұлы, Алаш көсемі, заңгер Жаһанша Досмұхамедов сынды бірегей тұлғаларды бүкіл ел біледі. Ауданның жаңа судьясы да заңның үстемдігі үшін адал еңбек етеді деп сенемін», деді аудан әкімі Абат Шыныбеков.

 

Таймас Ниязов 1979 жылы Қостанай облысында  дүниеге келген.

Сол секілді БҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы Рақымқұл Айтмағамбетов Елбасы Жарлығымен Тасқала аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Әлия Теберікованы аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

null  

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ә.Теберікова 1998-2005 жылдары Жетісу аудандық сотының курьері, 2005-2008 жылдары осы соттың бас маманы, 2008-2009 жылдары Алматы қалалық адвокаттар алқасы адвокатының машықтанушысы, 2009-2010 жылдары «KB-Agro Company» ЖШС-нің, «Z-Club» ЖШС-нің заңгері, 2011-2014 жылдары Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бас маманы, 2014-2016 жылдары осы сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар