БҚО-да үш күнде мыңнан астам жол ережесін бұзушылық тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында үш күнде мыңнан астам жол ережесін бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында 5-9 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Жергілікті полиция қызметінің өкілдері үш күнде 1196 жол ережесін бұзушылықтың бетін ашты. Соның ішінде 38 жүргізушінің автокөлік рөліне мас күйінде отырғаны анықталды. 120-дан астамы жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін, 197-сі бұрылу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 288 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаған болып шықты.

Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері өңірде 9 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты, 13-і түрлі жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар