БҚО-да үш күнде 67 қылмыс әшкереленді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында үш күнде 67 қылмыс ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 12-14 желтоқсан аралығында облыста өткізілген «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы кезінде ашылған қылмыстың 17-сі қоғамдық орындарда жасалған. Сонымен қатар бұрын жасалған 29 қылмыс ашылып, іздестірілуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды.

Үш күн ішінде 1400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Соның 130-дан астамы ұсақ бұзақылық болса, қоғамдық орындарға мас болып барудың 230 дерегі анықталған. Сонымен қатар жол ережесін бұзудың 641 дерегі белгілі болды. Соның ішінде 33 жүргізуші көлікке мас күйінде отырған.

Айта кетейік, алдағы мейрам күндері ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшпекші, көшелер мен қоғамдық орындарда қосымша күзет ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар