БҚО-да Тәуелсіздік күніне орай дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Зеленов ауданы Калинин ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, құны 282,3 млн теңге тұратын құрылысты «Уральскстройинвест» ЖШС жүргізуде. Аталмыш кешен іске қосылғаннан кейін ауданда тұрғындардың спортпен айналысуына мол мүмкіндік жасалмақ.

Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес «Туған жер» бағдарламасы аясында бұған дейін жергілікті азаматтардың қолдауымен «Ана мен бала» демалыс саябағы іске қосылса, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан орталығында «Тәуелсіздік тұғыры» монументін ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар Дариян ауылында 300 оқушыға арналған орта мектеп салынуда. Мердігері - «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС. Құрылыс құны 1105,515 млн теңге болса, биылға соның 401,403 млн теңгесі бөлініп, ол толықтай игерілген. Бұл мектепті 2018 жылдың желтоқсанында іске қосу көзделуде.

Оған қоса Володар ауылына су құбыры тартылуда. Мердігер ұйым «Алатау Альдан Агро» ЖШС биылға қаралған 100 млн теңгені (нысанның жалпы құны - 163,625 млн теңге) толықтай игерді. Бұл нысан алдағы жылдың сәуірінде аяқталмақшы.

«Жалпы, ауданда сегіз нысан салынса, соның бесеуінде құрылыс мәреге жетті. Соның ішінде екі ауыл таза сумен қамтылды», деді Асхат Шахаров.

Айта кетейік, жыл басынан бері 14267 шаршы метр тұрғын үй бой көтерді, бұл өткен жылғыдан 3,8 пайызға жоғары.

Соңғы жаңалықтар