БҚО-да тағы да киік аулаған браконьерлер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» инспекторлары заңсыз киік аулаған екі браконьерді қолға түсірді. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Сүйектіжыра аумағында «Охотзоопром» инспекторлары «Ямаха» маркалы қаркешуші техникамен кетіп бара жатқан Орал қаласының екі тұрғынын ұстаған.

null 

«Оларды тексеру кезінде атылған екі киіктің тұтас еті (біреуінің мүйізі кесілген) пен 16 калибрлі 60 патрон табылған. Браконьерлер ұсталған жерге Бөкей Орда ІІБ-нің жедел-тергеу тобы шақырылды», - деп хабарлайды Сәкен Ділдахмет.

Аталған іс бойынша Бөкей Орда ІІБ-мен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бастапқы мәлімет бойынша, браконьерлер табиғатқа 2 269 000 теңге залал келтірген. 

null 

Соңғы жаңалықтар