БҚО-да тағы бір жеңіл автокөлік өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы бір автокөлік өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Кеше сағат 15.00 шамасында Орал-Атырау жолының 204-шақырымында, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында «Mercedes» көлігінінен өрт шығып, орындықтарының біраз бөлігі жанып кеткен. Приборлар панелі де зақымданған.

Аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері Армат Сабырғалиевтің сөзіне қарағанда, абырой болғанда, жүргізуші мен жолаушы аман. Олардың екеуі де - БҚО тұрғындары. От қозғалтқыштың ақауынан шықты деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 8 ақпан күні Ақсай-Бөрлі автожолы бойында «Фольксваген Пассат» көлігі отқа оранған болатын. Одан кейін 18 ақпан күні Зеленов ауданы Владимировка елді мекені маңында «Volvo» жүк көлігі өртеніп, жүргізушісі күйік жарақатын алған еді.

Осылайша, өткен жылы БҚО-да 117 автокөлік өртенсе, биыл 10-ға жетіп отыр.



Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар