БҚО-да тағы бір снаряд табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 28 наурыз күні сағат 10.30 шамасында Ақжайық ауданының Жайық ауылынан 500 метр қашықтықта мал бағып жүрген жерден жартылай шығып жатқан снарядты көріп, тиісті органдарға хабар берген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы Рауан Көшкінбаевтың сөзіне қарағанда, бұл диаметрі 7 см, ұзындығы 32 см Азамат соғысы кезінен қалған артиллериялық снаряд болып шықты. Сол бойда қауіпті жер қоршалып, снарядты жою шаралары алынды.

Еске сала кетейік, бұдан екі күн бұрын Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылының тұрғыны өз үйінің қасынан Ұлы Отан соғысынан қалған снаряд тауып алған болатын.  

Соңғы жаңалықтар