БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа барғандар 19 млн теңге төледі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында баламалы жаза ретінде сотталғандар 19 млн теңге төледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының төрағасы Бек Әметовтің айтуынша, бас бостандығынан айыру - ең қатаң жаза. Заңға сәйкес оған балама ретінде айыппұл салу жазасы қолданылады. Осындай шара сыбайлас жемқорлыққа барған 13 адамға қатысты қолданылды. Оларға салынған 19 млн теңге толық төленген.

Сот төрағасының сөзіне қарағанда, өткен жылы БҚО соттарында 2014 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда, 68-ге немесе 3,4 пайызға көп. Ал аяқталмаған істер саны (70-ке) 75,3 пайызға азайған.

Азаматтық істер 5103-ке немесе 18 пайызға (28047-ден 33105-ге) көбейген. Мұның 80 пайыздайы Орал қаласы №2 сотының үлесіне тиеді, онда 2017 жылы 22641 азаматтық іс тіркелген.

null 

Әкімшілік істер де 14980-нен 15023-ке немесе 43-ке (0,2 пайызға) артып отыр. Соның ішінде Орал қаласының әкімшілік сотында 8159 іс қаралған.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 1,5 мыңнан астам адам сотталса, соның 101-і рақымшылыққа сәйкес босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар